Күн жылынған сайын ауыл жолдарында қос доңғалақты көліктер көбейіп барады. Велосипед, мопед немесе скутер болсын. Олардың жүргізушілері негізінен жасөспірімдер, ең үлкен қауіп төніп тұр. Дәлелдер – жолдардағы велосипедтер, мопедтер, мотоциклдер және мотороллер жүргізушілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары туралы статистикалық мәліметтер. Көп жағдайда оларды жүргізу дағдысы өте нашар, жол ережесін жақсы білмейтін кәмелетке толмаған балалар басқарады, көбінесе бұл ережелерді өрескел елемей, жол-көлік оқиғасының қатысушыларына айналады.
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданындағы білім бөлімінің Жолымбет атындағы 1-ші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Жол қозғалысы ережелері. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» (скутер, велосипед, мопед, мотоцикл) бойынша сабақтар өткізілуде. .
Мақсаты: оқушылардың көлікті басқару және жүргізу ережелері туралы білімдерін тереңдету; жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын дамыту.
Міндеттері: балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында көшеде және жолда оқушылардың өзін-өзі ұстауының негізгі ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға Қауіпсіздік нұсқаулары оқылады, әртүрлі жағдайлар қарастырылады, бейнероликтер көрсетіледі.
#біртутас_тәрбие #медетбековамеруерт #ақмолаоблысыбіртутас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#aqmoedu