Текст
Бүгін «Ақмола облысы білім бөлімі Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының 1 жалпы орта мектебі» КММ-де құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша оқушылармен және ата-аналармен кездесулер кестесіне сәйкес,
нашақорлық, есірткі қылмысы және кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында 8-сынып оқушыларымен Жолымбет кентінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ж.Д.Самбетовпен кездесу өткізілді. Профилактикалық әңгіменің негізі кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтары бойынша сұрақтар болды. #біртутас_тәрбие #медетбековамеруерт #ақмолаоблысыбіртутас_тәрбие
#оқу_ағарту_министрлігі
#aqmoedu