"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы.

13.09.2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік сала, коммуникация, экономика сияқты негізгі мәселелерді тыңдап, атап өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде тарихтың қазіргі кезеңіндегі елдің дамуын талдап, мемлекетіміздің ішкі саясаты мен әлеуметтік саласын дамытудың негізгі аспектілерін тағы да қозғады.

"Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" жолдауында ұлттық экономиканың даму жолында басты назар аударылды. Атап айтқанда, энергетикалық қауіпсіздік, инфрақұрылымды жаңғырту, бағаның өсуін тежеу, жаңартылатын энергетика, көлік - логистикалық әлеуетті іске асыру, цифрландыру және басқа да көптеген мәселелер қозғалды. Жоспарланған реформалардың басты мақсаты 6-7 пайыз деңгейінде Тұрақты экономикалық өсу және 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемінің екі есеге ұлғаюы деп жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланың проблемаларын назардан тыс қалдырған жоқ. Үкіметке және жергілікті билік органдарына бюджеттік саясат және демография мәселелері бойынша тапсырмалар берілді.

Ең төменгі жалақы деңгейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланған.

Біз-педагогтар үшін сөзсіз маңызды мақсат - цифрлық білім беру ресурстарына тегін қол жеткізу арқылы білім алудағы теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.

Жолдауда азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді жаңғыртуға бағытталған Президенттің дәйектілігі сезіледі. "Біз әділ Қазақстанды - тең мүмкіндіктер мен прогресс елін құрып жатырмыз". Біз Президентіміздің ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі барлық күш-жігерін қолдаймыз. Өскелең ұрпақты өз елінің патриоты, әділ және тәртіпті, біздің Қазақстанның жанашыр және үнемді азаматтары болуға үйретеміз.

#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие 
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#aqmoedu

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст