Қазақстан халқының Тілдер күні елімізде тарихи қалыптасқан ұлтаралық қатынастар моделінің көрінісі болды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ХХ ғасырда Қазақстан миллиондаған қоныс аударушылардың, 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің туған үйіне айналды. "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің 1п.Жолымбет жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Тілдер онкүндігіне орайластырылған іс-шаралар өтуде. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты: бір мемлекетте тұратын барлық этностардың достығын, бірлігін, мәдениеті мен тілдеріне деген құрметін білдіру. Дамуда жетістікке тек елді мекендейтін барлық этностар арасындағы бейбітшілік пен келісім жағдайында қол жеткізуге болады.
#біртұтас_тәрби #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#aqmoedu