Мемлекеттік саясаттың мақсаттарының бірі балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың түсу фактілерін болдырмау мақсатында "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "қауіпсіз терезелер"республикалық ақпараттық науқаны өтуде.
Ақпараттық науқанның мақсаты: балалардың терезеден түсуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден түсуі нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Ақпараттық науқанның міндеттері: ересектер мен балаларды қоса алғанда, жұртшылықтың хабардарлығын арттыру: балалардың көппәтерлі үйлердің ашық терезелеріне шектеусіз қол жеткізуінің қауіптілігі туралы; ата-аналардың балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі туралы.