«Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданына қарасты Жолымбет ауылының 1-ші орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптардың (1-сынып) онкүндігі өтуде «Кіші оқушының шығармашылық ойлауын дамыту тұлғалық, метапәндік және пәндік оқыту нәтижелерін қалыптастыру шарты.» Онкүндіктің мақсаты: оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
«1-сынып оқушылары арасындағы үздік дәптер» байқауы.
Оқушы дәптері – мұғалімге пән бойынша оқу материалын меңгерудегі оқушылардың жетістіктерін, оқушылардың жеке жетістіктерінің динамикасын талдауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.
Байқаудың мақсаты – балаларды дәптердің құжат екенін, оны толтыру арқылы олардың оқу іс-әрекетінің сапасын бағалауға болатынын ұғындыру. Сонымен қатар, байқау бірінші сынып оқушыларын сауат ашуға арналған дәптерді дұрыс және сауатты жүргізуге ынталандырды.