Текст
«Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет ауылы №1 орта мектебі» КММ-де 8 наурыз мерекесін мерекелеу аясында әзірленген жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілуде. Іс-шараның мақсаты: Балалардың бойына әйелге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін ояту, анасына, әжесіне, апа-сіңлілеріне, сыныптастарына деген қамқорлық, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.