Текст
Бүгін «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім беру бөлімінің Жолымбет атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 9-11 сыныптар арасында «1 жартыжылдықтағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы» атты онлайн кездесулер өтті. . Жиынның күн тәртібі: оқу үлгерімінің қорытындысы, ҰБТ және қорытынды аттестацияға дайындық, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу, қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі және басқа да көптеген мәселелер. Жиын соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар берілді.