Текст
13 ші қыркүйек күні " Қазақ тілі - мәртебелі тіл" атты дөңгелек үстел өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Калбаева Ш.Б.
Мұқағали Мақатаев " Үш бақытым"
Ең бірінші бақытым — Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым — Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей — кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай — ақ кел — дағы от ал менен.