"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ашық есік апталығы: отбасы мен мектеп ынтымақтастығын нығайтуға жасалған қадам»

25.11.2025

Акмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ЦППР жұмысы аясында «Отбасы мен мектеп: Біртұтас көзқарас» атты ашық есік апталығы өз мәресіне жетті. Апта барысында ата-аналар ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, сынып жетекшілерімен және мектеп педагогтарымен кездесулер мен әңгімелесулер өткізілді.

Ата-аналар қызықты әрі нәтижелі сабақтар үшін алғыс білдіріп, материалдың заманауи әрі тартымды түрде ұсынылуын, теория мен практиканың ұтымды үйлесімін, кәсіби және назарлы көзқарасты, ЖИ мен түрлі платформаларды қолдануды, жеке даралықты, балалардың белсенді қатысуын, достық атмосфераны атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шаралар барысында «Үлгерім және оқу үдерісі» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Оның мақсаты — ата-аналардан білім сапасы, балалардың үлгерім деңгейі және оқу үдерісін ұйымдастыруға қанағаттанушылық дәрежесі туралы кері байланыс алу.

Сауалнамаға оқу жүктемесін бағалау, оқу материалын түсіну, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ табысты оқу үшін мектеп жағдайлары сияқты сұрақтар енгізілді. Алынған ақпарат білім беру үдерісінің күшті тұстарын талдау және қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды айқындау үшін қолданылатын болады.

Сауалнама нәтижелері мектептің білім сапасын арттыру және ата-аналармен өзара әрекеттестікті дамыту жөніндегі алдағы жұмысының негізіне айналады.

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 68


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст