25.11.2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында, «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің кәсіби бағдар беруші педагогтері «Мамандық және денсаулық» (8–9 сыныптар), «Еңбек нарығында өзін-өзі таныстыру» (10–11 сыныптар) тақырыптарында кәсіби бағдар беру сағаттарын өткізді.
Профориентациялық сағаттардың мақсаты – оқушылардың мамандық таңдау мен денсаулықты сақтау арасындағы өзара байланысты түсінуін қалыптастыру, кәсіби қызметте табысты болу үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын ұғындыру; тиімді өзіндік таныстыру ережелері туралы түсінік қалыптастыру, жұмысқа орналасу және жұмыс берушімен қарым-қатынас кезінде сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, олардың қайсысы физикалық және психикалық денсаулыққа ерекше назар аударуды талап ететінін, еңбек шарттарының адамның хал-жағдайына әсер ететін факторларын талқылады. Сондай-ақ, олар «өзін-өзі таныстыру» ұғымымен танысып, оның жұмыс іздеу, резюме дайындау және сұхбаттан өту кезіндегі маңызы туралы мәлімет алды.
Оқушылар топтық жұмыс жасап, «Мамандық және денсаулық» кестесін толтырды, пікірталас пен интерактивті викторинаға қатысты. Практикалық бөлімде оқушылар өздерін үміткер рөлінде байқап, өздерінің мықты тұстарын, жетістіктері мен кәсіби мақсаттарын баяндап көрді.
Сабақ қорытындысында мамандық таңдау барысында қызығушылық пен қабілеттен бөлек, денсаулық жағдайын да ескеру қажет екендігі, болашақта табысты болу үшін салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Сонымен бірге еңбек нарығында өзін дұрыс таныстыра білу және өзіне деген сенімділікті қалыптастырудың қажеттігі атап өтілді. Оқушылар мамандықтар әлемі туралы неғұрлым кең мәлімет алған сайын, болашақтағы кәсіби жоспарын құруда соғұрлым аз қателік жібереді.