25.11.2025
17.11–21.11 аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Отбасы мен мектеп: Біртұтас көзқарас» тақырыбындағы ашық есік апталығы өтуде.
Апта аясында және қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова М.Ш. 5 «В» сыныбында «Сусыз өмір жоқ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Оқушылар су ресурстарының адам өміріндегі маңызы, оның пайдасы және суды үнемді пайдаланудың қажеттілігі туралы мәлімет алды.
Сабақ барысында жасанды интеллект элементтері мен заманауи цифрлық әдістер қолданылып, оқу үдерісі динамикалық әрі интерактивті өтті. Оқушылар бейнематериалдармен жұмыс жасап, жаңа сөздермен танысты, кластер құрастырды, комикс-диалогтар жасады және Kahoot платформасында тест орындады. Барлық оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа зор қызығушылық көрсетті.
Сабақ соңында ата-аналар өздерінің жылы пікірлерімен бөлісіп, ашық сабақтың өзектілігі мен пайдалы болғанын атап өтті.





