"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Табиғатты бірге сақтайық: шығармашылық арқылы экологиялық тәрбие»

25.11.2025

ЦППР жұмысы мен экологиялық тәрбие аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» «Табиғатты қорға: әлем біздің қолымызда» атты сурет байқауы өтті. Байқау бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыру және шығармашылық қызмет арқылы экологиялық мәдениетін дамыту.

Міндеттері:
– оқушылардың табиғатқа және экологиялық құндылықтарға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту, ойларын бейнелеу өнері арқылы жеткізе білуге үйрету;
– қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
– ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, олардың бірлескен шығармашылығын қолдау;
– өзекті экологиялық мәселелерге назар аударту.

Байқауға оқушылардың отбасылары белсенді қатысып, ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегі ретінде туған табиғаттың сұлулығы мен оны сақтау қажеттілігіне арналған жарқын әрі ерекше жұмыстар ұсынылды. Барлық жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 

 

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст