25.11.2025
ЦППР жұмысы және «Отбасы мен мектеп: ортақ көзқарас» ашық есік апталығы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ата-аналар 5 «Б» – 5 «В» сыныптарындағы Қазақстан тарихы сабағына (мұғалім — Серікболат Нұрсұлтан) қатысты.
Сабақтың тақырыбы: «Көшпелілердің материалдық мәдениеті. Қазақ киіз үйі».
Сабақ барысында оқушылар белсенді жұмыс жасады: алғашқы 20 минутта СОР жүргізілді, кейін балалар ауызша тапсырмаларды және сынып жұмысын орындады. Ата-аналар сабақтың өткізілу форматын, материалдың қолжетімді әрі түсінікті ұсынылуын, оқу ресурстарының дұрыс таңдалғанын атап өтті. Сабақ бойы барлық оқушылар жоғары белсенділік танытты. Сонымен бірге ата-аналар сынып жетекшілерімен әңгімелесу барысында консультациялар алды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_акimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy