24.11.2025
18 қараша күні Жолымбет кенті №1 мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 10-сынып оқушыларына Калбаева Шакира Булатовна ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Мұхит жануарларының маңызы». Сабақ барысында мұғалім оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыра алды. Оқушылар тақырыпты терең меңгеріп, өз ойларын еркін жеткізді. Сабақтың мазмұны бай, құрылымы жүйелі болып, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің арқасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақ өз мақсатына толықтай жетті. Сонымен қатар «Мектеп пен отбасы – бір көзқарас» атты ашық есік алаңы күні ата-аналар да сабаққа қатысып, балаларының білімін, пәнге деген қызығушылығын өз көздерімен көрді. Сабақ барысына қаныққан ата-аналар мұғалімнің еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. #Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi #medetbekovameruert #anar_tanirbergenova18 #saule_amanzhol #aqmoedu #Кurmangalieva405 #saltanattemirgali #Bilimguni #bilim_bolimi_shortandy #shortandy_audanynyn_akimdigi #nurkenshakhmetov #sagyndykshabarov #akhmetova_sholpan_khasenkyzу