"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жауапкершілік пен қауіпсіздік: оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары»

24.11.2025

Профилактикалық әңгімелер – бұл құқықбұзушылықтың алдын алудың жеке тәсілі, оның мақсаты – адамға оның моральдық және құқықтық жауапкершілігін, сондай-ақ қоғамға қарсы әрекеттердің әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру. «Прокурорлық сағат» аясында және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де сынып сағаттары барысында «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Қауіпсіздік сабақтары өткізілді.

Профилактикалық әңгімелердің мақсаттары:
– оқушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қараусыздықтың алдын алу;
– жауапкершілікті түсіндіру: әрбір адам қоғам мен мемлекет алдында моральдық және құқықтық жауапкершілік арқалайтынын ұғындыру;
– салдарын түсіндіру: заң бұзудың әлеуметтік және құқықтық салдарын баяндау;
– заңға мойынсұнуға тәрбиелеу: белгіленген нормалар мен тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру.

Негізгі міндеттері: құқықбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау, заңға бағынышты болудың маңыздылығына сендіру және келешектегі құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу.

Жұмыстың күтілетін нәтижелері:
– қоғамға қарсы мінез-құлық пен әлеуметтік тұрғыдан қауіпті әдеттердің алдын алуға бағытталған барлық органдардың профилактикалық қызметін үйлестіру;
– жасөспірімдермен жүргізілетін тәрбиелік-профилактикалық жұмыстың деңгейін арттыру;
– құқықтық тәртіпке қатысты мәселелерді жандандыру;
– мектептегі құқықтық тәртіпті нығайту;
– кәмелетке толмағандардың құқықтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov

#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

 

Просмотров: 34


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст