14.11.2025
2025–2026 оқу жылында тәрбие жұмысы білім беру ұйымдарында ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) мазмұнында көрсетілген 6 негізгі құндылық негізінде ұйымдастырылады. Бағдарлама мазмұнына сәйкес, ай сайынғы іс-шаралар білім алушылардың тұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Қараша – әділдік пен жауапкершілік айы.
Тәрбие жұмысы мен патриоттық тәрбие аясында Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің вожатыйлары мектептегі әскери және еңбек Даңқы мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының батырларына, тыл еңбеккерлеріне және туған Жолымбет кентінің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларға арналған экспозициялармен танысты.
Оқушыларға жерлестерінің ерліктері туралы айтылып, мұрағаттық фотосуреттер, құжаттар, әскери жәдігерлер көрсетілді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, батырлар рухына құрмет білдірді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға және патриоттық рухты тәрбиелеуге ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy



