"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абайлаңыз, жұқа мұз!»

12.11.2025

Абайлаңыз, жұқа мұз!
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: бұл кезеңде мұз әлі қатайған жоқ және қателіктерді кешірмейді!

Есіңізде болсын:

  • Адамның мұз үстіне шығуына қауіпсіз қалыңдық — 10 см және одан жоғары;

  • Мұздың беріктігін аяқпен ұрып тексеруге болмайды;

  • Мұзға жалғыз және қараңғы уақытта шығуға болмайды;

  • Балаларға мұз үстіндегі ойындардың өте қауіпті екенін түсіндіріңіз!

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!


Оқушыларға арналған жадынама: «Абайлаңыз, жұқа мұз!»

Суық түсе бастағанда су айдындары мұзбен жабылады. Бірақ алғашқы мұз өте қауіпті! Ол мықты болып көрінгенімен, адамның салмағын көтере алмауы мүмкін.

Мұз неліктен қауіпті:

  • Қыстың басында мұздың қалыңдығы аз және біркелкі емес.

БОЛМАЙДЫ:

  • Ересектерсіз мұз үстіне шығуға;

  • Мұздың беріктігін аяқпен ұрып тексеруге;

  • Мұз үстінде ойнауға, жүгіруге, коньки немесе шана тебуге;

  • Құтқару тәсілдерін білмей, басқаларды өз бетіңше құтқаруға әрекеттенуге.

ЕГЕР МҰЗ СЫНҒАН ЖАҒДАЙДА:

  • Сабыр сақта, батып кетпеуге тырыс;

  • Көмекке шақыр;

  • Қолдарыңды кең жайып, мұз үстіне еңбектеп шық,
    содан кейін келген ізіңмен еңбектеп кері қайт;

  • Құтқарылған соң — жылы киім киіп, денеңді жылытып,
    ересек адамға немесе медицина қызметкеріне хабарла.

Төтенше қызметтердің телефон нөмірлері:

  • 112 — бірыңғай құтқару қызметі

  • 101 — өрт сөндіру қызметі

  • 102 — полиция

  • 103 — жедел жәрдем


#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение ‎карта и ‎текст "‎ОСТОРОЖно, тонкий ЛЁд! НЕОБхОДИМО: передвигаться только по оборудованным ледовым переправам ЗаПРеЩАЕТСЯ: проверять прочность льда ногой لا проверять прочность льда перед собой с помощью палки 穴 пытаться перейти водоем по неокрепшему льду любителям подледного лова иметь спасательный жилет кататься на льдинах 六 знать способы спасения и оказания первой помощи при проваливании под лёд игнорировать запрещающие знаки Если на твоих глазах провалился человек под лед, немедленно сообщи ο происшествии по номеру «101»>‎"‎‎
 
Просмотров: 68


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст