07.11.2025
Балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде «Өрт көзіне немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін заттармен жұмыс істеу ережелері» атты іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың от және өрт тудыруы мүмкін заттармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
өрттің шығу көзі болуы мүмкін заттармен (сіріңке, оттық, электр құралдары, шам және т.б.) таныстыру;
қандай әрекеттер өртке әкеліп соғуы мүмкін екенін түсіндіру;
от пен электр көздерімен абай болу дағдыларын қалыптастыру;
жеке және айналадағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға «Өрт дегеніміз не және ол неге қауіпті?», «Өрт туғызуы мүмкін заттар», «Құтқару қызметінің нөмірлері – 101/112», «Өрттің алдын алу жолдары» тақырыптарында бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді.
Талқылау барысында «Сіріңке мен оттықпен ойнаса не болады?», «Электр құралдарын қосып қалдырса не орын алады?» сияқты сұрақтар талданды. Сондай-ақ «Не істеуге болады – не істеуге болмайды?», «Қауіпсіз әрекетті ата» ойындары өткізілді, өрт сөндірушілер мен от туралы жұмбақтар шешілді.
Қорытындысында: оқушылар өрттің шығу себептері мен көздері туралы білді, отпен және электр құралдарымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін меңгерді, өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы білімдерін бекітті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy