Текст
Өрт қауіпсіздігі саласындағы ережелерде, техникалық регламенттерде және стандарттарда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында Шортанды ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері ст. Азаматтық қорғау лейтенанты Д.С.Жұманов «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де профилактикалық тексеру жүргізді. Осы іс-шара барысында жадынамалар таратылып, оқу-жаттығу эвакуациясымен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.